«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение  "Отдел образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назар аударыңыз! Жарыс!

12.08.2021

                            Хабарландыру

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Константинов ауылының «Березка» балабақшасы» МҚКҚ бала бақшасының меңгерушісі, бала саны -43, тәрбиешісі -8 .

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы

       Лауазымдық міндеттері. нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.

       Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.

       Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

       Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.

      Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

       Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.

       Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

       Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

       Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

       Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

       Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

       Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

      Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

       Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

       Білуге міндетті:

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;

       педагогика мен психология негіздерін;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

       педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

       экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,

      еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

      6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

      14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 116794 тенге.

 Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметі растайды. Хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды  «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ  қабылдауды жүзеге асырады.

Конкурстың өтетін орны: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті Ташенова көшесі,15 «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ.

         Анықтама үшін байланыс телефондары: (871644)2-12-76,  электрондық адрес:arshalyoo@agmoedu.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст