2022-2023 оқу жылы Аршалы ауданы бойынша білім беру ұйымдарының педагогтары арасында аудандық "Үздік педагог" байқауының жеңімпаздарына куәлік, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Әдістемелік орталық меңгерушісі Т.Мамбетов қорытындысы туралы айтып, педагогтарды құттықтады.Бас жүлде Мухамедгалиева Гульмира Ульжабаевна-Ижев ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, І орын-Мажитова Дана Уалихановна- И.Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, ІІ орын- Шайдуллина Кристина Николаевна-Анар станциясының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, Мүсілім Есенжан-Сараба ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, ІІІ орын- Жумабекова Айслук Шаймухановна-Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі иеленді.