Текст
1 қыркүйекте Жібек жолы ауылында екі тілді жаңа мектеп-лицей ашылды. Білім күніне арналған салтанатты жиынға аудан әкімі М.Балбан, «Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы А.Құсайнов және аудан меценаттары қатысты. Мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы Гүлнұр Ырғебайқызы жазда жақсы педагогикалық кадрларды, техникалық қызметкерлерді іріктеді. Қазіргі таңда 190-ға жуық бала өз құжаттарын мектепке тапсырды. Мектептің жобалық қуаттылығы - 300 орын.